Ақмола облысында бірнеше күн бойы іздестірілген алты жастағы Қалмырза Жандәулет өлі табылды. Бұл туралы Ulysmedia.kz еріктілерге сілтеме жасап хабарлады.
МӘН-ЖАЙ
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баланың жоғалғаны туралы Қорғалжын аудандық полиция бөліміне 30 сәуір күні хабар түскен.
Баланы анасының айтуынша, ол кешкі сағат 19:00 шамасында үйден шығып кеткен, бірақ оралмаған.
Алдын ала ақпарат бойынша, жоғалған күні бала Нұра өзенінің маңында болған.