Мамырда Қазақстанның қай өңірлерінде қуаңшылық болады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 2025 жылғы мамыр айында елдің бірнеше өңірінде қуаңшылық болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Қуаңшылық болуы мүмкін өңірлер:

  • Қостанай облысы – Амангелді, Жангелдин аудандары, Арқалық қаласының маңы;
  • Батыс Қазақстан облысы – Теректі, Қазталов, Жәнібек, Жаңақала, Ақжайық, Бөкей ордасы аудандары;
  • Атырау облысы – Құрманғазы ауданы;
  • Маңғыстау облысы – Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия аудандары;
  • Қарағанды облысы – Ақтоғай, Шет аудандары;
  • Абай облысы – Аягөз ауданы;
  • Алматы облысы – Балқаш ауданы;
  • Жамбыл облысы – Мойынқұм ауданы;
  • Түркістан облысы – Созақ ауданы;
  • Қызылорда облысы – Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары.

Ақтөбе облысында (Қобда ауданы мен Ақтөбе қаласының маңы) ылғал орташа деңгейде болады. Ал еліміздің басқа өңірлерінде ылғалдылық деңгейі қалыпты болады деп болжанып отыр.