Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путинмен келіссөз үстелінде жеке кездесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
- Біз ертең толық әрі ұзақ мерзімді атысты тоқтатуды күтеміз — бұл дипломатияға қажетті негіз беру үшін маңызды. Адам өлтіруді созудың мәні жоқ. Мен бейсенбі күні (15 мамыр) Түркияда Путинді күтемін. Жеке. Бұл жолы Ресей тарапы келе алмауының себептерін іздеп отырмайды деп үміттенемін, — деп жазды Владимир Зеленский әлеуметтік желіде.
БҰҒАН ДЕЙІН
11 мамырға қараған түні Владимир Путин Кремльде сөйлеген сөзінде Украинаға тікелей келіссөздерді қайта бастауға ұсыныс жасады. Ол келіссөздердің 2022 жылы үзілгенін айтып, 15 мамырда Ыстамбұлда алдын ала талаптарсыз кездесуді ұсынды.
Путиннің бұл ұсынысы Украина билігі 2 мамырдан бастап құрлықта, әуеде және теңізде кемінде 30 күнге созылатын «толық әрі сөзсіз атысты тоқтатуға» дайын екенін мәлімдегеннен кейін жасалды. Бұл шешімге Франция президенті Эммануэль Макрон, Польша премьер-министрі Дональд Туск, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және Германия канцлері Фридрих Мерцтің Киевке сапарынан соң келгені хабарланды.