Тәліптер Ауғанстанда шахмат ойнауға тыйым салды

Сырым Қаржас
AFP

Ауғанстанда діни себептерге байланысты шахмат ойынына тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Khaama Press-ке сілтеме жасап

Хабарламада Ауғанстан әкімшілігі елдегі түрлі ойын-сауық пен спорт түрлеріне қарсы саясатын жалғастыра отырып, шахматты ресми түрде тыйым салынған ойын деп жариялағаны айтылған.

Ауғанстанның жақсылықты насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігі: «Діни тұрғыдан туындаған сұрақтарға нақты жауап табылғанға дейін бұл спорт түріне тыйым салынады», — деп мәлімдеді.

Министрлік сонымен қатар Ауғанстан шахмат федерациясын таратып, шахматты харам деп атады.