Астанада кәсіпкер алаяққа алданып қалған Нұрғали Нүсіпжановқа пәтер сыйлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЕКІ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕР
Бұл туралы журналист Айнұр Омар жазды.
- Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі! Досымжан Таңатаровтың концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Зал тік тұрып қол соқты. Нұрғали аға Досымжанға ырымдап өз шапанын жапты, ал Досымжан пәтер сыйлаған жігітке үстіндегі шапанын кигізіп жіберді. Қандай әдемі дәстүр, иә. Бизнесмен кісіні танымадым. Сіздер танып жатсаңыздар, тегтеп қойыңыздаршы, азамат екен, деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, былтыр алаяққа алданған Нұрғали Нүсіпжанов пәтер жалдап тұратынын хабарлаған едік. Нұрғали Нүсіпжановпен кездескен Роза Әлқожаның айтуынша, Нұрғали Нүсіпжанов жер үй сатып алуға жинаған ақшасын алаяққа беріп қойып, өзі пәтерде жүрген екен.