Мамырдағы демалыста ресейліктер шетел ретінде Қазақстанды таңдаған

Сымбат Сатыбалдина
фото: depositphotos

Мамыр айындағы мерекелер кезінде ресейліктер шетелге жиі шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мәселен, биыл шетелде ұзақ демалыс өткізген челябіліктердің саны 2024 жылмен салыстырғанда 13%-ға артқан. Ресейліктер үшін ең танымал бағыттар — Қазақстан мен Түркия, ал ең жылдам өсіп келе жатқан қызығушылық Вьетнамға байқалады, деп жазады ura.ru.

Челябі туристерінің әр үшіншісі Қазақстанға сапарлаған болса, әр бесіншісі Түркияға барған. Ал Біріккен Араб Әмірліктеріне демалуға шыққандар 7%-ды құрады.

Мамандар Африка елдеріне деген қызығушылықтың да айтарлықтай артқанын атап өтті. Мысырға сапарлаған туристердің саны 74%-ға көбейген. Вьетнам бағытындағы сұраныс 2024 жылмен салыстырғанда 5,5 есеге артқан. Сонымен қатар, Қытайға қызығушылық 2,5 есе өскен. Индонезия мен Жапония бағыттары да біртіндеп танымал бола бастады.