Мен бармасам, ол не үшін баруы керек – Трамп Түркиядағы келіссөздерге Путиннің қатыспауы жайлы

Сырым Қаржас
Ұлысмедиа коллажы

АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путиннің Түркиядағы Украинамен келіссөздерге қатыспайтыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы алғашқы тікелей бейбіт келіссөздер алға басса, әлі де Түркияға баруы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады ВВС.

Білесіздер ме, егер бірдеңе болса, мен жұма күні барар едім, – деді Трамп.

Владимир Путиннің келіссөздерге Түркияға жеке бармағаны туралы сұраққа жауап берген Трамп:

Мен бармасам, ол не үшін баруы керек? Мен сонда болмасам, Путин бара алмайды деп ойладым, – деп мәлімдеді.

Келіссөздер

15 мамырда Стамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер басталуы тиіс. Алдын ала Ресей делегациясының тізімі жарияланып, онда Путиннің жоқ екені белгілі болды.

Бұған дейін Украина президенті кеңсесінің басшысы Михаил Подоляк Владимир Зеленскийдің Стамбұлда Ресей өкілдерінің ешқайсымен, Путиннен басқа ешкіммен кездеспейтінін мәлімдеген болатын