Зеленский Түркияға келіп, Ресей делегациясының құрамын "жасанды" деп атады

Сырым Қаржас
скриншот

Владимир Зеленский мінген ұшақ Анкара әуежайына қонды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Украина президенті алдымен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр.

Журналистерге үндеу жасаған Зеленский украин делегациясының "жоғары деңгейде" ұсынылғанын мәлімдеді: оның құрамына сыртқы істер министрі, президент кеңсесінің өкілдері және барлық арнайы қызмет басшылары кірген.

Біз Ердоған президентпен, Түркияның кеңейтілген делегациясымен кездесулерді бастаймыз. Біз АҚШ тарапымен байланыстамыз, олар да Түркияға жоғары деңгейде қатысады деп ойлаймын. Ал ресейліктердің деңгейін көре жатармыз, әзірге ресми түрде белгісіз, бірақ біз көріп отырғанымыздай, бұл көбірек жасанды делегацияға ұқсайды, — деді Владимир Зеленский.

КЕЛІССӨЗДЕР

15 мамырда Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер басталуы тиіс.

Бұған дейін Украина президенті кеңсесінің басшысы Михаил Подоляк Владимир Зеленскийдің Стамбулда Ресей өкілдерімен, Путиннен басқа ешкіммен кездеспейтінін мәлімдеген болатын.