«Қазақстанға 60 жылда бір келетін ыстық келді» деген рас па: Қазгидромет хабар таратты

Сырым Қаржас
citizen.co.za

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде биыл Қазақстанды қатты ыстық күтіп тұр деген видео тарап жатыр. Онда мұндай ыстықтың 60 жылда бір рет болатыны айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ролик авторы ғалымдар Еуропа тұрғындарын 40-50 градусқа дейінгі аптап ыстыққа дайындалуға шақырды деп мәлімдейді. Бұл сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Украина және Беларуське де қатысты делінген, деп жазады stopfake.kz.

Аталған хабарламаға Қазгидромет түсініктеме берді.

Қазақстанда аномальды ыстық күтіледі деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ресми ақпаратқа ғана сенуді, интернеттегі күмәнді дереккөздерге сенбеуді сұраймыз, – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстанда қатты ыстық болады деген хабарлама жыл сайын тарайды. Мұндай ақпарат 2023 және 2024 жылдары да жарияланған.