Белгілі белгілі қоғам қайраткері, саясаткер Мұхтар Тайжан журналист Майя Бекбаеваның алашордашылардың "орыс әйелдерін алғаны" туралы пікіріне жауап қатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТАЙЖАННЫҢ ПІКІРІ
Мұхтар Тайжан қазақ әйелдері басқалардан артық болмаса, кем емес дейді.
- Қазақ қыздары "неконкурентоспособный" дей ме? Оттамасын. Мысалы, менің Әкем жастық шағында Мәскеуде оқыса да, өмір бақи шетелде дипломат ретінде жұмыс істесе де - қазаққа үйленді. Мен өз басым Варшавада оқып жүрсем де - қазақ қызына үйлендім. Ұлым Ұлы Британияда оқып, бітіріп, жұмыс істеп жүрсе де - қазақ қызымен шаңырақ құрып жатыр. Сол - қазақ қыздары өте "конкурентоспособный" деп айтуға толығымен құқығым бар. Біздің қыздар басқалардан кем емес әрине, артық болмаса. Ал біз, ер адамдар, оларды сөзбен ғана емес - іспен құрметтеуміз керек.
Әйелдерге қол көтеру, қыздарды ұрлау, сөзбен кемсіту - ұят әрекеттер болып саналуы тиіс. Нағыз қазақтың жігіттері өз әйелдерін сыйлайды, құрметтейді, қадірін біледі, қорғайды. Солай болуы тиіс. Қазақ қыздары - ұлттың ұясы. Олардың 98-99% қазақ жігіттеріне тиеді, сол үшін оларға дән ризамын. Қазақ қыздары алға! Біз Сіздерді мақтан тұтамыз!”, дейді Тайжан.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін желіде журналистер осы мәселе төңірегінде дауласып қалған болатын.
Мұхтар Түменбай Майя Бекбаева өз бейнежазбаларының бірінде қазақ әйелдерін кемсітіп пікір білдірді деп жазады. Оның сөзінше, әңгіме алашордашылар туралы бейнероликке қатысты болып отыр. Онда алашордашылардың "орыс әйелдерін алғаны" талқыланған.
БЕКБАЕВАНЫҢ ЖАУАБЫ
Майя Бекбаева бұл жазбаға жауап бере отырып, аталған роликте мүлде басқа мәселе қозғалғанын айтты.
ПІКІР
Сонымен қатар, бұл жайтқа қатысты Ұлысмедиа порталының бас редакторы Самал Ибраева да пікір білдірген болатын.