Маңғыстау облысында көші-қон саласындағы заңсыз әрекеттермен айналысқан қылмыстық топты анықтады. Олар шетел азаматтарына тіркеу, уақытша тұру мерзімін ұзарту және рұқсат алу бойынша жалған қызметтер ұсынып келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
15 мамырда жедел іс-шаралар барысында үш күдікті ұсталды. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тінту барысында:
Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстаннан Ресейге 29 шетелдікті жүк көлігінде жасырып өтпек болғандар ұсталған еді.
Осы факті бойынша ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті ҚР Қылмыстық кодекстің 394-бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.