Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Кремльдің мәліметінше, әңгіме барысында Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады.
Екі елдің басшылары Мәскеуде өткен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларды және екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.
Олар Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне риза екенін жеткізді.
ДӘЙЕКСӨЗ
– Сондай-ақ Ыстамбұлда өткен Ресей мен Украина арасындағы тікелей келіссөздердің қорытындысы бойынша пікір алмасу болды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхаты да жолданды, – деп хабарлады Кремль.
Еске салайық, мұның алдында Владимир Зеленский Ыстамбұлда өткен Украина мен Ресей делегацияларының келіссөздерінен кейін мәлімдеме жасағанын жазған едік.
Зеленский осы аптада соғысты тоқтатуға бағытталған маңызды қадамдар жасау мүмкін болғанын, алайда Ресей президенті Владимир Путин келіссөздерге келмегенін айтты.