Мәскеуде әзілкеш Нұрлан Сабуров ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ресейлік телеграм арналар хабарлай бастады.
Мысалы Mash телеграм арнасының мәліметінше, Нұрлан Сабуров Шереметьево әуежайында күндіз ұсталған. Бастапқыда әртіс елден шығарылуы мүмкін екені хабарланды.
ҚАНДАЙ АЙЫП ТАҒЫЛДЫ
Оған көші-қон есебіне тіркелу мерзімін бұзды деген айып тағылып отыр (18.8-бап).
Әртіске айыппұл салынуы мүмкін. Бұл бап бойынша ең қатаң жаза – бес жылға дейін елге кіруге тыйым салу.
ЖАЗА
Нұрлан Сабуровқа 5000 рубль көлемінде айыппұл салынды. Ол елден шығып, қайта заңды түрде кіруі тиіс. Сабуровқа Ресейге кіруге тыйым салынған жоқ.