Қазақстан мектептерінде жыныстық сауаттылыққа арналған сабақтар енгізілмейді. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкіметте мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МИНИСТРГЕ СҰРАҚ
Кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстардың жиілеген кезде журналистер министрден мектептерде жыныстық тәрбие сабақтары өткізілуі мүмкін бе деп сұрады.
БЕЙСЕМБАЕВ НЕ ДЕЙДІ
Менің ойымша, ең алдымен, ата-аналардың жауапкершілігін арттырған дұрыс. Бұл әрқашан отбасында тәрбиеленетін. Сондықтан біз арнайы ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтарын аштық. Онда психологтар ата-аналарға баламен қалай қарым-қатынас жасау керектігін, оны қалай тәрбиелеу қажет екенін барынша түсіндіруі тиіс деп тапсырма бердім. Ең дұрыс, ең нәтижелі әрі тиімді шешім – ата-ананың жауапкершілікті өз мойнына алып, баламен айналысуы. Әрине, мектеп те жауапкершіліктен қашпайды. Бірақ барлық жауапкершілікті тек мектепке артып қою – меніңше, дұрыс емес, – деді Бейсембаев Үкіметтегі брифингте.
Министрлік ата-аналарға кеңес түрінде қолдау көрсетуге дайын. Алайда жыныстық тәрбиеге қатысты сабақтар мектептерде әзірге енгізілмейді, деп түйіндеді министр.