Пышақты жууға қыздар көмектескен. Шерзат сотында басты айыпталушы жауап беріп жатыр

Есдәулет Қызырбекұлы
ulysmedia коллажы

Кісі қолынан қаза болған Шерзат Полаттың сотында оның өліміне күдікті деп танылған негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл жауап беруді бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ҚОЛ ІЗІ ҚАЛМАУ ҮШІН ПЫШАҚТЫ СҮРТТІМ»

Абзал Шынасыл тағылған айыпты ішінара мойындады. Ол оқиға болған күні Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ ұрғанын мойындады. Ол оқиғадан кейін пышақты лақтырып жібергенін айтты.

Үш жеті дүкеніне қарай бардық. Сол кезде мен пышағымды сүрттім. Қол іздері қалмау мақсатында. Жақсыгелді Данаға маған дизи құйып берші, сүртіп жіберейін дедім. Сол кезде Дана дизи құйыды мен сүрттім, – деді ол.

Бұған дейін өзге сотталушылар оқиға болған күні Абзал Шынасылдың қолында пышақ болғанын, сол пышақпен біреуді ұрғанын айтқан.

Абзал Шынасылға  «Адам өлтіру», «Қылмысқа дайындалу және оқталу» және «Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау» баптары бойынша айып тағылған.

ТАЛҒАРДАҒЫ ОҚИҒА

16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылы 4 қазанда Талғар қаласындағы отбасы жалға алып отырған дүкен маңында өлтірілген. Сатып алушылардың бірімен болған жанжалдың аяғы төбелеске ұласып, Шерзат пышақ жарақатынан мерт болған. Немере ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев жараланған. Кейін Нұрқанат Ғайыпбаевтың да өзі де өз-өзіне қол салып, қайтыс болды. 

Марқұмның туыстары оқиғаға «Хутор» бандасының қатысы бар екенін айтты. Бірақ полиция бұндай топтың барын жоққа шығарды. Топтың басшысы делінген Хасан Қасымбаев өзі жайлы тараған ақпаратты жоққа шығарып, жұрттан өзі туралы жалған ақпарат таратпауды сұрады. Қарашада Қасымбаев 2021 жылғы оқиғаға байланысты «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» және «адам ұрлау» баптары бойынша күдікке ілініп, қамауға алынды.

Шерзат Полат ісі бойынша сот залынан тікелей эфирді Ұлысмедианың Youtube-арнасынан көре аласыздар.