Қазақстандық әйел «Болашақ» бойынша еңбек өтеу талабына қарсы Конституциялық сотқа жүгінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Студент оқуын аяқтағаннан кейін «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің Қазақстан аумағында еңбек өтеу ережелерімен келіспейтінін білдірді. Дәлел ретінде ол еңбек кодексін келтірді, онда еңбек қызметін қашықтан атқару форматы қарастырылған.
СОТ ШЕШІМІ
– Конституциялық сот «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу тараптар арасында оқу басталғанға дейін жасалатын азаматтық шарт негізінде жүзеге асырылатынын көрсетті. Мұндай келісім тараптардың, соның ішінде оқу аяқталғаннан кейін тікелей Қазақстан Республикасының аумағында еңбек өтеу жөніндегі міндеттемелерді алдын ала ерікті түрде қабылдауын білдіреді.
Бұл талап тек ережелерде ғана емес, сондай-ақ білім беру туралы заңнан туындайды. Осылайша, еңбек өтеу ережелерінің конституцияға сәйкестігін тексеруге негіз жоқ, – деп қорытындылады сот.