Диас Ахметшәріп қайтыс болды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Журналист Диас Ахметшәріп 50 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Диас Ахметшәріп өзінің журналистік мансабын 1997 жылы «Қазақ радиосында» тілші болып бастаған. Ол бірнеше жыл бойы «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында спорт журналисі ретінде еңбек етті. Кейін мемлекеттік «Қазспорт» телеарнасының тұңғыш директоры болды, сондай-ақ «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарды.

2003-2007 жылдар аралығында ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметін басқарды, ведомствоның баспасөз хатшысы болды. Соңғы жылдары Диас Ахметшәріп түрлі мемлекеттік органдарда баспасөз хатшысы қызметін атқарды.