Түркияның екі танымал актері — "Сүлеймен сұлтан" рөлінде ойнаған Халит Ергенч және "Чукур" мен "Іште" жобаларымен танылған Рыза Коджаоғлу түрік сотының шешімімен бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Іс материалдарына сәйкес, актерлер бұған дейін Ыстамбұлда өткен жаппай наразылықтар бойынша тергеу аясында жалған мәлімет берген. Тергеу олардың айтқандары шындыққа жанаспайды әрі тергеуге кедергі келтіріп, шатастырды деп тапқан, бұл жағдай қылмыстық іс қозғауға негіз болған.
СОТ ШЕШІМІ
Сот шешімі бойынша Халит Ергенч 1 жыл 10 ай 15 күнге, ал Рыза Коджаоғлу 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Екі актерге де тек жалған куәлік беру бабы бойынша жаза тағайындалды — олар наразылықтарға қатысу немесе өзге де қылмыстар бойынша айыпталмады.