Бүгін, 25 мамыр күні таңертең Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
ҚР ТЖМ мәліметінше, Астана уақытымен 07:35-те “Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.
Жерасты дүмпулерінің ошағы Ресей аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1 162 шақырым жерде орналасқан.
СЕЗІЛУ ДЕҢГЕЙІ
Жер сілкінісі
ТЖМ мәліметі бойынша, зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Талдықорғанда 4 балдық жер сілкінгенін жазған едік. Бұл сәт Шерзат ісі бойынша жүріп жатқан соттың тікелей эфиріне түсіп қалды. Судья қатысушылардың өтініші бойынша үзіліс жариялады.