Назарбаев Путинмен кездесті

Сырым Қаржас
Фото: Михаил Метцель / ТАСС

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге арнайы барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу бейнежазбасын Кремльдің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске салайық, Назарбаевтың ресми жұбайы Сара Алпысқызының жай-күйі әлі күнге дейін белгісіз күйінде қалып отыр. 

Ал тұңғыш президенттің кіші қызы Әлия Назарбаева жарты жылдан бері Мәскеуде тұрып жатыр. 

Дереккөздердің хабарлауынша, Назарбаев Путиннен бірнеше маңызды сұрақтар бойынша қолдау сұрап жүр.