Назарбаев пен Путин кездесуінің мән-жайын неге жұртқа жария етпейді

Сырым Қаржас
Фото: РИА Новости. Александр Никольский

Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстанның экс-басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кездесулерінің мазмұнын ашық жарияламайды, себебі бұл артық сұрақтар мен болжамдардың туындауына себеп болуы мүмкін. Мұндай пікірді саясаттанушы Александр Асафов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

Кездесу туралы егжей-тегжейлі ақпарат Кремль сайтында жарияланған жоқ, тек қарсы алу сәті көрсетілді. Саясаттанушы Александр Асафовтың айтуынша, Путин мен Назарбаевтың әрдайым талқылайтын күн тәртібі бар, бірақ ол көпшілікке жариялана бермейді. Бұл жайт түрлі конспирологиялық теориялардың таралуына себеп болады.

– Путин мен Назарбаев тұрақты түрде кездесіп тұрады, сондықтан бұған қатысты ешқандай конспирология жоқ. Кездесу жайлы егжей-тегжейлі ақпарат таратылмауы, соның ішінде Қазақстанның қазіргі саяси элитасымен түсініспеушілік пен әртүрлі екіұшты пікірлер туындамас үшін жасалуы мүмкін, – деп келтіреді саясаттанушының сөзін ura.news.

КЕЗДЕСУ

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге арнайы барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен болатын. Кездесу бейнежазбасын Кремльдің баспасөз қызметі жариялады