Астана халықаралық форумында сөз сөйлеген ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстан экономикасы "Ұлттық қоры жоқтай" өмір сүруге үйренуі керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СҮЛЕЙМЕНОВ НЕ ДЕЙДІ
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Қазақстанды аймақтағы басқа мемлекеттерден ерекшелендіріп тұратыны – табиғи байлығы. Аймақтағы басқа мемлекеттер мұндай қазба байлыққа ие емес. Сол себепті ақша және фискалды саясат, адам капиталы, инфрақұрылымның бәрі ресурстардың бар-жоғына тікелей тәуелді.
Әлбетте, мұның бәрі еңбек нарығына, жұмыс орындарының санына әсер етеді. Оған қоса сыртқы факторларды да есепке алу керек. Бізде Ұлттық қор, үлкен мемлекеттік резервтеріміз бар. Көрші елдерден қарағанда ерекшеленеміз. Бірақ Қазақстан үшін басты тегеуріннің бірі – табиғи ресурстардан кету. Біз Ұлттық қорымыз жоқтай өмір сүріп үйренуіміз керек. Тегеуріндерге дайын болу керек. Мұндай талап, ниет бұрыннан бар, – дейді ол.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, егер тұрақты инвестициялық инъекция болмаса, ол қиын. Инъекция туралы айтқанда Сүлейменов тұтас мемлекет жөнінде сөз қозғап отыр.
Мәселен, “астероидттарды” қабылдайтын спортшы оны бір уақытта тоқтатып тастаса ауырып қалады. Экономика да сол сияқты. Міне, сондықтан, Қазақстан экономикасына, шешім қабылдаушыларға мұнай түсіміне тәуелділіктен арылу керек. Бұл бағытта барынша табысты келе жатырмыз деп есептеймін. Ұлттық қорымыз бар. Оны ұстап тастаған жоқпыз. Бюджет түсімін мұнайдан тыс көздер арқылы арттыру бағытына келер болсақ, біз қосымша құн салығын өзгертіп жатырмыз. Біз Ұлттық қорымыз жоқтай өмір сүріп үйренуіміз керек, – деді Сүлейменов.
ҮКІМЕТ БИЫЛ ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН ҚАНША АЛАДЫ
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің сөзінше, 2025 жылы кепілдендірілген трансферт бойынша 2 трлн теңге, нысаналы трансферт бойынша 3,2 трлн теңге алынады.
2026 жылғы трансферт бойынша парламентке қыркүйекте кіреміз. Кепілдендірілген трансферт ол тұста 2 трлн теңге сұралса, нысаналы трансфертті аламыз деп жоспарлап отырған жоқпыз, – дейді Темірбеков.
Қазақстан үкіметі Ұлттық қордан жыл сайын едәуір көлемде қаражат алады. Бұл қаражат республикалық бюджетті қолдауға, дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыруға және стратегиялық жобаларды іске асыруға бағытталады.