Путин қандай жағдайда Зеленскиймен кездесетінін айтты

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Ресей президенті Владимир Путин Украина тарапы ұсынған Зеленский және Трамппен жеке кездесу идеясын қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Ресей мен Украина делегациялары арасындағы тікелей келіссөздер нәтижелі болған жағдайда, жоғары деңгейдегі кездесулер өткізу туралы сөз қозғалуы мүмкін. 

 – Президент Путин бірнеше рет жоғары деңгейдегі байланыстарға қарсы емес екенін айтқан. Әрине, ондай кездесулер қажет және сұранысқа ие. Бірақ олар алдын ала дайындалуы тиіс. Алдымен екі ел делегациялары арасындағы тікелей келіссөздерде нақты нәтиже болуы керек. Тек содан кейін ғана жоғары деңгейдегі байланыстар туралы әңгіме болуы мүмкін, – деді Песков.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің әртүрлі форматта келіссөздер жүргізуге дайын екенін, соның ішінде Украина, Ресей және АҚШ президенттерінің үшжақты кездесуіне де әзір екенін мәлімдеген болатын.