Қазақстанда қанша бала тұрады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Қазақстанда қанша бала тұратыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Үкіметтің мәліметінше, Қазақстанда 6,9 миллион бала тұрады.

3,9 миллион бала мектептерде, 556 мың бала колледждерде, ал 1 миллионнан астамы мектепке дейінгі ұйымдарда білім алып жатыр.

ДӘЙЕКСӨЗ

– 2024 жылы құқықтық базаны күшейтіп, балаларды қорғаудың пәрменді тетіктерін енгізуге ықпал еткен үш негізгі заң қабылданды. Олардың қатарында жетім балаларға тәлімгерлік туралы заңдар, сондай-ақ буллингке қарсы күрес, қауіпсіздікті нығайту және кәсіби патронаттық тәрбиені құру шаралары бар, – делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Нәтижесінде жетім балалардың 82%-ы отбасында тәрбиеленеді, ал 3 мыңнан астам жаңа жанұя тауып, 330 адам тәлімгер болды, ал қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге артты.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап отбасылық құрылымның жаңа нысаны – кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа отбасылық тәрбие формасы — кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі.