Олар «шокта» болмаған: прокурор Шерзат ісіндегі екі әйелді қайта тергеуді өтінді

Аян Өрібай
Ұлысмедиа коллажы

Жарыссөз барысында прокурор Дана Сәрсембай Шерзат ісіндегі екі әйел – қорғануға құқығы бар Дана Жақсыкелді мен Эльмира Нұрбекова бойынша жеке қаулы шығаруды өтінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокурор Дана Сәрсембай жарыссөз барысында екі әйел сотта көп нәрсені жасырып қалғанын айтты.

Олар “шок” жағдайда болмаған. Олар қасақана үнсіздік танытқан. Оны көліктен алынған видеолар дәлелдейді. Абзалдың оларға көлікте «ауыздарыңнан ештеңе шықпасын» дегені естілді. Бірақ сот барысында екеуі мұны айтпады. Аталған мән-жайлар тиісті процесуалдық шешім жасауды талап етеді. Жеке қаулы шығару керек деп санаймыз, – деді прокурор.

Дана Сәрсембай сонымен қатар, куәгер ретінде жауап берген Қазыкенов пен Розыбаевке қатысты да процессуалдық шара қабылдауды өтінді. 

Бүгінгі жарыссөзінде прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларды ұзақ жылға соттауды сұраған еді.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Шерзат Полаттың өлімінде негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл ғана емес, қалған күдіктілер де сотталуы мүмкін екені бұған дейін айтылған. Себеб жәбірленуші тарап сотқа осындай талап-арыз түсірген. Алайда прокурорлар бұған қарсы шықты.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев марқұмның әкесі, анасы мен әжесіне сұралатын моральдық өтемақының мөлшерін айтты. Жәбірленушілердің сотталушылардан сұрап отырған жалпы сомасы 600 млн теңгеден асады.