Шерзат Полат сотында жарыссөз жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НҰРҚИЯС ІЛИЯСОВТЫҢ АДВОКАТЫ НЕ ДЕЙДІ
Сот жарыссөзінде сотталушы Нұрқияс Ілиясовтің адвокаты Нұрлан Қилыбаев тергеу кезіндегі қысым сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының объективтілігіне үлкен күмән туғызады деп мәлімдеді.
Не себепті Қаржаубайдың пышақ алып шыққан, Ғайыпбаевтың мылтық алып шыққаны ескерілмейді. Шерзат Полат сонымен бірге төбелеске достарын әкелген. Мұның бәрі тергеуде “қолдау үшін” деп жазылған.Демек олар жақтан “қолдау” үшін келеді де, ал айыпталушылар “өлтіру, пышақ салу үшін” келеді. Бұл дұрыс емес. Нұрқияс Ілиясовтың “бұзақылық жасайын, сөз байласып қылмысқа барайын” деген пиғылы болмаған. Құрметті сот, Ілиясов бұл жағдайда өз басын қауіптен арашалау үшін әрекет еткен. Оның әрекеттерінде айыптау тарапы айтқан қылмыстық құрам жоқ. Керісінше, істі талдай келе Ілиясовтың ісінде тек 108-бап бойынша қылмыстық құрам бар, – деді ол.
ДАРХАН ӘСКЕНТАЙДЫҢ АДВОКАТЫНЫҢ СӨЗІ
Жарыссөзде сотталушы Дархан Әскентайдың адвокаты Мәулен Ержанов жәбірленушілердің сотта берген жауабы қарама-қайшы болды деп мәлімдеді. “Жауаптары жалған, ешқандай дәлелін таппады, осыған байланысты Дархан Әскентайдың бетінен ұрды деп жауап берген жәбірленуші Нұрымовтың үстінен қылсыстық кодексің 420-бабымен қылмыстық іс (көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма) қозғау туралы жекеше қаулы шығаруыңызды сұраймын” деді адвокат. Ержанов Нұрымовтың “бетімнен Әскентай ұрды” деген сөзі дәлелін таппады деп есептейді. Ол Әскентайды сот ақтайды деп сенетінін айтты.
АЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА
2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.
Шерзат Полаттың өлімінде негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл ғана емес, қалған күдіктілер де сотталуы мүмкін екені бұған дейін айтылған. Себеб жәбірленуші тарап сотқа осындай талап-арыз түсірген. Алайда прокурорлар бұған қарсы шықты.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев марқұмның әкесі, анасы мен әжесіне сұралатын моральдық өтемақының мөлшерін айтты. Жәбірленушілердің сотталушылардан сұрап отырған жалпы сомасы 600 млн теңгеден асады.
Бүгінгі жарыссөзінде прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларды 7-23 жыл аралығында соттауды сұрады.