Вячеслав Кимге Jusan Bank-ті сатып алуға рұқсат берілді

Ulysmedia
ulysmedia коллажы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандық кәсіпкер Вячеслав Кимге Jusan Bank-ті сатып алуға рұқсат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕРЕКТЕР

Агенттік мәліметінше, заң бойынша жеке немесе заңды тұлғаға ірі банк холдингін сатып алуына уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімі болған жағдайда ғана жол беріледі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы Ким Вячеслав Константинұлына«First Heartland Jusan Bank» АҚ - ның ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру туралы қаулы қабылдады, - делінген хабарламада.

БАНК АКТИВТЕРІ

2025 жылдың 1 мамырындағы есеп бойынша, банк активтері 3 195 миллиард теңгені құраған. Оның ішінде 900 миллиард теңге банктің өз капиталы.

Банк капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділік нормативтерін қоса алғанда, белгіленген пруденциалдық нормативтерді сақтайды. Активтер көлемі бойынша банк 6-шы, несие портфелінің мөлшері бойынша — елдің банк жүйесінде 8-ші орында, - делінген агенттік хабарламасында.

Бұған дейін, Вячеслав Кимнің «Jusan Bank» акцияларының 97,5 пайызын сатып алуға өтініш білдіргені айтылған. 2025 жылы мамырда банк рембрендиг жасағаны туралы хабарланған. Банк атауын «Alatau City Bank» деп өзгерткен.

ВЯЧЕСЛАВ КИМ

2024 жылы 16 қыркүйекте First Heartland Jusan Bank директорлар кеңесі өзінің төрағасы етіп тәуелсіз директор Қуат Қожахметовтың сайлаған. Шешім директор кеңесінің жиынында қабылданған. Ғалымжан Есенов кеңестің төрағасы қызметінен кеткен.

Қазақстандық кәсіпкер Вячеслав Ким Forbes рейтингінде бірінші орында. Ол ең бай кәсіпкерлер рейтингінде көшбасшылықты сақтап, бір жыл ішінде байлығын 1,3 миллиард долларға арттырқан. 1 сәуірде жарияланған Forbes миллиардерлерінің жаһандық рейтингінде ол 464-ші орынды иеленген.

Ким Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. 2025 жылдың 1 сәуірінен бері компанияның 21,3 %  соған тиесілі. Сондай-ақ, «АЛСЕКО» АҚ иелік етеді. Сол арқылы «Астана-ЕРЦ» ЖШС, «ELTOP Soft» ЖШС және «Позитив Инвест» ЖШС компанияларында үлесі бар.