Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова ел күтпеген жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Жұлдыз бесінші баласына жүкті екенін хабарлады.
- 2025 жылға менің жоспарым болған. Алайда оның маған деген жоспары одан да ғажап әрі қайырлы, – дейді Жұлдыз.
ЖҰЛДЫЗ
Жұлдыз Әбдікәрімова – елде танымал қазақстандық актриса, тележүргізуші, блогер және кәсіпкер. Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары. Екеуі бірнеше жыл бойы отбасылық өмірін жұрттан жасырып келген. Кейін 4 баласының бар екенін ресми түрде жариялады. Бұл оқиға ел ішінде үлкен талқылау туғызды.