Мәжілісте халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне жүргізілген аудит қорытындылары қаралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СМАЙЫЛОВ НЕ ДЕЙДІ
Қазақстанда азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне жүргізілген аудит аяқталғанын жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов мәжілістің жалпы отырысында баяндады. Оның айтуынша, өндірістің локализациясына және инвестициялық міндеттемелерге мониториң жүргізілмейді. Бұл талаптарды формалды түрде орындауға және жағдайды теріс пайдалануға мүмкіндік жасайды. Мәселен, 2024 жылы жеке компания мемлекетке 8 млрд теңгеге 62 млн медициналық қолғап жеткізген. Алайда бұл қолғаптардың көлемі мен сипаттамалары компанияның сол кезеңде Тайландтан сатып алған партиясымен сәйкес келеді.
Бұл жағдай шетелдік өнімді отандық өнім ретінде сату тәуекелін көрсетеді. Мемлекетке өнім нарықтағы бағамен салыстырғанда 2 есе жоғары бағамен сатылған. Мұндай схемалар импортты алмастыру саясатының мәнін бұрмалап қана қоймай, мемлекетке тікелей залал келтіреді», – деді Әлихан Смайылов.
Смайылов десе де бұл қай компания екенін атамады
Палата төрағасы өндірісті локализациялау кезіндегі тәуекелдерді ерекше атап өтті. Кейбір тауар өндірушілер арзан және нашар тазартылған шикізат пайдаланады. Бұл тиісті бақылау болмаған жағдайда нарыққа сапасыз өнімдердің түсу ықтималдығын арттырады. Мысалы, компаниялардың бірінен 3 млрд теңгеге сатып алынған препараттар қолдануға жарамсыз деп танылып, есептен шығарылған.