Шерзат Полаттың жақындарының моральдық өтемақы бойынша азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Абзал Шынасыл Шерзаттың әкесі, анасы мен әжесінің әрқайсына 20 миллион теңгеден моральдық зиян өтейді.
Равиль Сәкиевтен Шерзаттың әкесі мен әжесіне (әрқайсына)15 миллион теңгеден өтеуге міндеттелді.
Белғожаев, Әскентай, Ильясов, Тоқтаубаев, Қалиахмет, Сәкиев және Тоқтаубаевтан ортақ тәртіппен Шерзаттың анасына 10 млн теңге моральдық зиян өтелсін. Белғожаев, Әскентай, Ильясов, Тоқтаубаев, Қалиахмет және Тоқтаубаевтан (Азамат) ортақ тәртіппен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 10 миллион теңге моральдық зиян өндірілсін. Белғожаев, Ильясов, Тоқтаубаев, Қалиахмет және Тоқтаубаевтан (Азамат) ортақ тәртіппен Жұмабике Кадированың пайдасына 10 миллион теңге моральдық зиян өтелсін, дейді судья.
Тоқтаубаев, Тоқтаубаев, Шынасыл, Сәкиев, Белғожаев, Әскентай, Ильясов және Қалиахметке азаматтық талапты орындауға екі ай мерзім берілді.
Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесіне бүгін нүкте қойылды.
ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА
2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.
Шерзат Полаттың өлімінде негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл ғана емес, қалған күдіктілер де сотталуы мүмкін екені бұған дейін айтылған. Себеб жәбірленуші тарап сотқа осындай талап-арыз түсірген. Алайда прокурорлар бұған қарсы шықты.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев марқұмның әкесі, анасы мен әжесіне сұралатын моральдық өтемақының мөлшерін айтты. Жәбірленушілердің сотталушылардан сұрап отырған жалпы сомасы 600 млн теңгеден асады.
Жарыссөзде прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларды 7-23 жыл аралығында соттауды сұрады.