Маңғыстау облысында 12 құрылыс мекемесі рұқсатты заңсыз алған

Сырым Қаржас
life.ru

Маңғыстау облысында 12 құрылыс мекеменің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Маңғыстау облысының прокуратурасы құрылыс саласында лицензия берудің заңдылығына талдау жүргізді. Нәтижесімен 12 құрылыс мекеме заңсыз рұқсат алғаны анықталды.

Бас прокуратураның хабарлауынша, оларды алу үшін құрылыс салушылар бір меншік иелерінен жалға алынған өндірістік базаларды пайдаланғаны, сонымен қатар өтінімдерде бірдей инженерлік-техникалық қызметкерлерді жариялағаны анықталды.

Тексеру нәтижесінде 12 мекеменің барлығы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 

– Анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін компаниялардың қызметі тоқтатылды. Құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлады ведомство.

Жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.