Астанада бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Сырым Қаржас
usolie.info

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көше учаскелері уақытша жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Атап айтқанда:

  • 7-10 маусым аралығында Алматы көшесінің Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Автокөлік қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады;
  •  7-13 маусым аралығында Шәмші Қалдаяқов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Нәжімеденов көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс ішінара шектеледі. Мұнда да көлік қозғалысы кезең-кезеңімен жолдың бір жағымен екі бағытта жүргізіледі;
  •  7-8 маусым аралығында Домалақ ана көшесінің Қорғалжың тас жолынан Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскесі толығымен жабылады.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жолды алдын ала жоспарлап, қозғалыс бағытындағы мүмкін өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, – делінген әкімдік хабарламасында.