Әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын көргісі келетін халықтан ақша жинап жатыр

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Әнші Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің үйлену тойын көргісі келетін халықтан 1380 теңгеден жинап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы ақпарат әуелі Threads желісінде пайда болды. Рас-өтірігін тексеру мақсатында әншінің парақшасындағы сілтеме арқылы өттік. 

Сілтеме телеграмдағы “Майғазиевтер отбасындағы салтанатты той!” деген ботқа өткізді. 

Ботта тіркелушінің аты-жөні, нөмірі сұралып, 1380 теңге төлем жасау керегі айтылды. 

Төлем каспи қосымша арқылы жасалып, расымен Майғазиевтің ұлының үйлену тойына “шақырту” алдық. 

Әншінің ұлының үйлену тойын тіркелген адамдар телеграмдағы арнайы канал арқылы көреді.