Шенеуніктер су астында қалған Атбасар тұрғындарын көшіруге бөлінген қаржыны жымқырған

Ulysmedia
ulysmedia коллажы

300 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған шенділерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Атбасар ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі, «Престиж строй 7» ЖШС және «Фундаменталь» компанияларының басшылары іс бойынша күдікті деп танылған. Істі Ақмола облысының арнайы прокуроры қараған. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

 Сот үкімімен қаржы жымқыруға қатысқандар ҚК 189-бабының 4-бөлігі «Аса кірі көлемде қаржы жымқыру» және 218-бабы «қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастыру» бойынша мүлкі тәркіленіп, 7,6 және 8,6 бас бостандығынан айырылды, - делінген бас прокуратура таратқан ақпаратта.

Ұрланған қаржы 2021 жылы үкімет резервінен 100 шаршы метр үй құрылысына бөлінген. Оған су астында қалған Атбасар ауданының 200 отбасы көшірілуі тиіс болған.