Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының тойын тікелей эфирде көргісі келген халықтан ақша жинауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Дәурен Кеңбейілдің сөзінше, егер әнші ақша жинаса жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуі міндетті.
- Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуі керек. Шоу бизнес өкілдері осылайша табыс табатын болса, салық төлеуі керек. Бастысы – бізге салық түссе болды. Бәрі бақылауда болады, – дейді вице-министр.
КОМИТЕТТІҢ ЕСКЕРТУІ
Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері әншіге ескерту жасап, мұндай жолмен ақша жинаса, салық төлеу қажет екенін ескерткен болатын.
Күні кеше әншінің ұлы Әділеттің үйлену тойы өтті. Тікелей эфирді бес мыңнан аса қарады.
АҚША ЖИНАУ
Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын көргісі келетін халықтан ақша жинап жатқанын жазған едік. Ұлысмедиа тілшілері бұл ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді. Әнші белгілеген сілтемеде расында 1380 теңгеден жинап жатқанын анықтадық.