“Оған бәрібір ме деймін”: Трамп Путин әскер шығынын есепке алмайтынын айтты

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғыста әскер шығынын есепке алмайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pod Force One подкастында Дональд Трамп Ресей армиясының Украинадағы шығындары туралы пікір білдірді, деп жазады Meduza.

Журналист Миранда Дивайннің «Ресей армиясы Украинада апта сайын бес мыңға жуық адамынан айырылып жатыр. Бұл жағдай Ресей басшысын алаңдата ма?» деген сұрағына жауап берген Трамп:

«Меніңше, ол бұған енді мән бермейтын сияқты. Ол көптеген сарбазынан айырылып жатыр, Украина да солай. Алдағы жағдайды бірге көретін боламыз», – деді.

Сондай-ақ Трамп бейбіт келіссөздерде ілгерілеу байқала бастаса, «бірдеңені аяқ астынан бомбалап жібереді, бомбаланбауы керек нысандарды», ал бұл әрекеттер барлық прогресті жоққа шығаратынын атап өтті.

Еске сала кетейік, мамыр айының соңында АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ресей билігінің әрекетін сынға алып, Владимир Путинді «есі ауысқан» деп атаған болатын.