Қазақстанда мемлекеттік тілді білмейтіндер әлі де көп - Қанат Тасыбеков

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Қазақстанда мемлекеттік тілді білмейтін азаматтар әлі де көп. Бұл туралы қазақ тілін үйренуге арналған оқу құралының авторы Қанат Тасыбеков айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қанат Тасыбековтің айтуынша, елімізде Тәуелсіздік алғанына 30 жылдан асса да, көптеген азаматтар қазақ тілінде сөйлей алмайды. Ол бұл жағдайға қынжылатынын айтты. Мәселені нақтылай келе, тіл білмейтіндердің қатарында мектеп бітірушілер, министрлер мен депутаттар да бар екенін мысалға келтірді.

– Орыс тілінде сөйлейтін қазақтар өте көп – мыңдап, жүз мыңдап, тіпті миллиондап деуге болады. Мектепті бітіреді, бірақ қазақша сөйлемейді. Тіпті Қарағандыдағы қазақ мектептерінің түлектері де қазақ тілінде дұрыс сөйлей алмайды. Қазақша нашар сөйлейтін министрлер мен депутаттар да бар. Бірақ олар керемет мамандар, ағылшын, француз, қытай тілін біледі, – деді Тасыбеков YouTube-тегі "Республика медиа" арнасына берген сұхбатында.

ТІЛДІҢ ДАМУЫНА НЕ КЕДЕРГІ

Еске салайық, бұған дейін Қанат Тасыбеков қазақ тілінің дамуына не кедергі келтіріп отырғанын айтқан болатын.