"Температура күрт төмендейді" - Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
pixabay.com

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АУА РАЙЫ

Қазақстан аумағына циклондар жылжуынан тоқтамай жатыр. Алдағы күндері солтүстік-батыс бағытынан жаңа циклон жылжи бастайды, онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын мен найзағай болады.

15–16 МАУСЫМ

15–16 маусымда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының жекелеген аудандарында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін, сондай-ақ ауа температурасы төмендейді. Ал елдің оңтүстік жартысы Иран аумағынан келіп жатқан жылы ауа массаларының ықпалында қалып, жоғары ауа температурасы сақталады.