Жамбыл облысында екі ер адам кәмелетке толмаған жиен қарындасын бірнеше жыл бойы зорлағаны үшін кінәлі деп танылды. Бірі өмір бойына бас бостандығынан айырылса, екіншісіне 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
МӘН-ЖАЙ
Бұл іс бойынша сот процесі жабық түрде өтті, дегенмен оқиғаның мән-жайы жария болды. Қылмыс Мойынқұм ауданында болған. Екі туған ағайынды кәмелетке толмаған қызды алты жыл бойы зорлап келген. Қыз бала 12 жасында жүкті болып, бұл жайт әшкере болған. Қылмыскерлердің кішісі бірден ұсталды, ал үлкені екі аптадай жасырынып жүрген. Баланың нақты әкесі кім екені анықталмаған.
Сотта бір айыпталушы кінәсін мойындап, түсініктеме берген. Екіншісі қылмысын мойындаудан бас тартқанымен, жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәгерлердің айғақтары, сараптамалар мен заттай дәлелдер арқылы оның да кінәсі дәлелденді. Екі ер адам да жәбірленушіге жақын туыс болып, қыз оларға сенім білдірген.
СОТ ҮКІМІ
Жамбыл облыстық соты күдіктінің біреуін өмір бойына бас бостандығынан айырды. Екінші айыпталушы 20 жылға сотталды – бұл мерзімнің себебі, қылмыстың бір бөлігі сол кезде қолданыста болған Қылмыстық кодекстің ескі редакциясымен қаралған. Екі сотталушыға да кәмелетке толмағандармен байланысты кез келген қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салынды.
Сонымен қатар, моральдық шығын ретінде жәбірленушіге сегіз миллион теңге өтемақы: үш миллион теңге – бір айыпталушыдан, бес миллион – екіншісінен өндірілді.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.