"Қазгидромет" Астана, Алматы және Атырау тұрғындарына ескерту жасады

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірнеше қаласында ауа ластанатынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Синоптиктердің мәліметінше, 2025 жылғы 15 маусымда Алматыда, сондай-ақ түнде Атырауда, Астанада және Қостанайда қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанып отыр.

АНЫҚТАМА

Мұндай жағдайлар кезінде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада ұзақ уақыт болудан, әсіресе автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында, аулақ болу;
  •  Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен жабық ғимараттарда айналысу.