«Назарға аламыз»: министр Сәденов Ақнәр ісі жайлы

Аян Өрібай
Ұлысмедиа коллажы

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен Ulysmedia тілшісі жөнінде сұрақ қойды.

СӘДЕНОВ ҚЫСҚА ҚАЙЫРДЫ

Порталымызға бұған дейін сұхбат берген Ақнәрдің анасы қайғылы оқиға болған түні Ақнәрмен бірге болған қыздардың қорғануға құқығы бар куәгер болғанына наразы екенін, оларды жауапқа тарту керектігін айтқан.

Сәденов бүгін осы ұстаным жайлы “әрине, мұны назарға аламыз” деп қысқа қайырды.

АҚНӘРДІҢ ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ

22 жастағы Ақнәр Гүлстан Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің жетінші қабатынан құлап, қаза болған. Бастапқыда полиция істі «Өзін-өзі өлтіру» бабы бойынша қозғаған. Бірақ марқұмның анасы мен туыстары оған қарсы шыққан. Олардың сөзінше, Ақнәрдің денесінде азаптау белгілері болған. Шашы жұлынып, тырнағы сынып, денесінде тістелген іздер табылған. Марқұмның анасы Гүлстан Қамит Ақнәрдің қазасына оқиға болған күні оның жанында болған құрбыларының қатысы бар деп топшылайды.

Ақнәр Гүлістанның анасы Гүлістан Хамиттың сұхбатының толық нұсқасын Ұлысмедианың YouTube-арнасынан көре аласыздар.