«Мемлекет өмір бойы қамтамасыз етеді»: министр Астанада апаттан екі аяғынан айырылған қызға қатысты пікір білдірді

Ulysmedia
ulysmedia коллажы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова журналистердің Астанадағы жол апатынан зардап шеккен қыздың отбасына көмек көрсету туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің айтуынша, мемлекет зардап шеккен қыздың отбасын өмір бойы қамтамасыз етеді.

– Біз бардық, анасымен сөйлестік. Протездеу [шығыны] бойынша біз толығымен өзімізге аламыз. Барлық оңалту қызметтері. Кеше де қызды тіркеу аудандық емханада болғандығы туралы ақпарат болды. Қазір дәрігерлер оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлейтін болады, – деді ол.

Жақыповадан мемлекеттік органдарға қарағанда қарапайым қазақстандықтардың көбірек көмек көрсетуі туралы сұрады.

– Біріншіден, апат болған кезде жұмыс беруші 19 млн теңгенің сақтандыру төлемі төленетінін толық жариялады. Мемлекет өмір бойы анасы мен қызды қамтамасыз етеді", – деді Жақыпова.

2 маусым күні Астанада жолаушы автобусы апатқа ұшырап, салдарынан жеті жастағы Алуа Бекен екі аяғынан айырылған. Одан өзге 15 адам зардап шеккен.