“Тергеу жүріп жатыр”: Сәденов Талғардағы Қаржаубайдың өртенген үйі жайлы

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Талғарда қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың отбасының үйін өртеу фактісі бойынша тергеудің қалай жүріп жатқаны жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іс арнайы прокурордың өндірісінде. Тергеу шаралары толық көлемде жүргізіліп жатыр, — деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Сондай-ақ журналистер Шерзат Полаттың ағасының өліміне қатысты тергеу барысы туралы сұрақ қойды.

Қылмыстық іс қозғалды, ол да тергеліп жатыр, — деп қысқаша жауап берді министр.

Айта кетейік, бүгін Сәденов Шерзат Полаттың әкесіне қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны туралы сұраққа да пікір білдірді.

ҮКІМ

2025 жылдың 5 маусымында Талғарда Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Басты айыпталушы 23 жылға бас бостандығынан айырылды.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 2024 жылдың 4 қазанында Шерзаттың отбасы жалға алған дүкенде жанжал шығып, ол қатыгез пышақ жарақатына ұласқан. Соның салдарынан жасөспірім көз жұмды.

Шерзаттың өлімінен кейін, 12 қазанға қараған түні белгісіз біреулер оның отбасының үйін өртеп жіберген.

Ал 9 желтоқсанда Шерзаттың көкесі — Нұрғанат Ғайыпбаевтың мәйіті табылды.