Ішкі істер министрі Ержан Саденов Ресейге кіру ережелерінің күшеюіне Қазақстан қалай жауап беретінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Шетелдіктердің елімізде қауіпсіз жүруі үшін барлық жағдай жасалған, қосымшалар да бар, олар жұмыс істеп тұр. Сіз RuID жүйесін айтып тұрсыз ба? Біз де соған ұқсас шаралар қабылдаймыз, – деді Сәденов мәжіліс кулуарында журналистерге.
КОНТЕКСТ
2025 жылдың 30 маусымынан бастап Ресейде визасыз режиммен жүретін шетел азаматтарына, соның ішінде қазақстандықтарға қатысты жаңа кіру ережелері күшіне енеді. Оған сәйкес, көрші елге бару үшін кемінде 72 сағат бұрын RuID платформасы арқылы электронды өтінім беріп, QR-код алу қажет.
Шекарадан өткен кезде биометриялық сәйкестендіруден өту де міндетті болады — саусақ іздері алынып, фотосуретке түсіріледі.