Шымкент пен Ташкент арасындағы ақылы жолда ақау анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жүргізушілер бүлінген жолды видеоға түсіріп алған. Кадрлардан көргендей, асфальт шамамен 20 см-ге дейін көтеріліп кеткен. Kolesa.kz нақтылағандай, оқиға Шымкент — Өзбекстан шекарасы бағытындағы ақылы трассаның 763-шақырымында, "Жібек жолы" өткізу бекетіне жақын маңда болған.
ҚАЗАВТОЖОЛ НЕ ДЕЙДІ
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәлімдеуінше, ақау 2025 жылғы 17 маусымда ерте кезеңде анықталған. Апатты жағдай жедел түрде жойылған.
Жол саласына жауаптылардың айтуынша, бетон жабынды ауа температурасының күрт +40…+45 °C дейін көтерілуінен көтеріле бастаған. Тіпті бетон үстіне жағылған полимерлік жабын да плиталарды қызып кетуден сақтай алмаған.