Ақтөбеде ата-анасының көзінен тас қалған кішкентай қыз көлік толы жолға шығып кеткен. Жүргізушілердің қырағылығының арқасында бүлдіршін аман қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақтөбедегі Некрасов көшесінде болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда кішкентай бүлдіршін жолға шығып кеткен. Әуелі бірде-бір көлік иесі мән бермей, оның тұсынан өте шығады. Кейін бір уақытта бірнеше жүргізуші шұғыл тоқтап, біреуі қызды көтеріп, қауіпсіз жерге апарған.
Құқық қорғау органдары баланың ата-анасын анықтап жатыр.