Франция билігі Иранда ядролық бомбаның компоненттері бар деп мәлімдеді

Сырым Қаржас
ашық дереккөзден

Француз арнайы қызметтері Иранда ядролық бомба жасау үшін қажет компоненттердің бар екені жөнінде ақпаратқа ие, деп мәлімдеді Франция қарулы күштері министрі Себастьен Лекорньо Le Parisien газетіне берген сұхбатында. Министр оның ішінде ең алдымен 60 % дейін байытылған уран туралы айтып өтті, деп хабарлайды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Франция қарулы күштері министрі Себастьен Лекорню Иранның қысқа мерзім ішінде атом бомбасын жасауға қажетті барлық ресурсы бар екенін мәлімдеді. Le Parisien басылымына берген сұхбатында ол француз арнайы қызметтері Тегеранның ядролық қару жасауға қажетті негізгі элементтерге ие екенін растайтынын айтты.

Министр ең маңыздысы — 60 %-ке дейін байытылған уран екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл деңгей қару жасау үшін жеткіліксіз болғанымен, Иран оны бірнеше күн ішінде 90 %-ке дейін байытып, 10 ядролық заряд жасауға жететін қор жинақтай алады.

Себастьен Лекорню Ирандағы екінші алаңдатарлық фактор ретінде елдің алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарға ие екенін атады. Бұл зымырандар кейбір Еуропа өңірлеріне, соның ішінде Франция аумағына да ядролық оқтұмсық жеткізе алады. «Мұндай күрделі зымырандарды жасау – жаппай таралған құбылыс емес, оны санаулы елдер ғана жүзеге асыра алады», – деді министр.

Сондай-ақ, Лекорню Иранның ядролық нысандарына жасалатын дәлме-дәл соққылардың өзімен бұл бағдарламаны толықтай тоқтату екіталай екенін айтты. Ең көп дегенде, оны уақытша баяулатуға ғана болады, себебі ядролық инфрақұрылым бірнеше нысанға бөлініп орналасқан және бейімделу қабілеті жоғары.