Путин «Иранға қарсы агрессияны ақтауға болмайды» деп мәлімдеді

Сырым Қаржас
Коммерсант

Иран сыртқы істер министрі Мәскеуге Путинмен келіссөз жүргізу үшін келді. Оны Кремльде Путин қабылдады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Ресей президенті Владимир Путинге Иранның жоғарғы көшбасшысы Аятолла Әли Хаменейдің қолдау сұраған хатын тапсырған. Бұл жөнінде Reuters агенттігі жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Көп өтпей Кремль Путиннің Арагчиді қабылдаған сәтінен видео жариялады.

Болған оқиғаға қатысты біздің позициямыз бесенеден белгілі. Ол ұстанымды елдің сыртқы істер министрлігі Ресей атынан ашық көрсетті. БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде біз ұстанған позиция айқын. Иранға қарсы ұйымдастырылған агрессияның ешқандай негізі, ақтауы да жоқ, – деді Путин.

СІМ БАСШЫСЫ БҰҒАН ДЕЙІН НЕ ДЕДІ

Ресейге алдыңғы күні келген Арагчи Мәскеумен кеңесудің «жаңа әрі қауіпті жағдайда, әлемдік тәртіптің қауіп-қатер астында тұрған сәтінде» аса маңызды екенін айтты.

ҚАҚТЫҒЫС

Израиль мен Иран арасындағы өзара соққылар 13 маусымға қараған түні басталды. Сол кезде Израиль тарапы «Халық — арыстан» операциясын бастап, алғашқы соққыларды Иранның ядролық нысандарына бағыттады. Бұған жауап ретінде Тегеран жүздеген зымыран атқылап, артынша Израиль авиациясы Иран аумағындағы нысандарға соққыларын жалғастырды.