Қазақстандық адвокат Мұрат Адам БҰҰ-да не айтты

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Адвокат Мұрат Адам Еуропаға Қазақстанның тәуелсіз баспасөзі мүддесін қорғауға аттанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АДВОКАТ БҰҰ-ДА НЕ АЙТТЫ

Ол Женевада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне барып, БАҚ саласындағы заңдылық пен Қазақстанда журналистер құқығының бұзылуы туралы арнайы баяндамашыларға мәлімдеді. Ол жүйелі цензура, журналистерге қарсы қылмыстық қудалау, бұқаралық ақпарат құралдарын рейдерлік жолмен тартып алу, бас редакторларға қарсы кибербуллинг және қылмыстық істерді тергеуде құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі, сондай-ақ әлеуметтік желілерде БАҚ аккаунттарын өшіру және бұғаттау жағдайларын сипаттады.

НАЗАР АУДАРЫЛҒАН ЖАЙТТАР

Адам комитет мүшелерінің назарын бірнеше БАҚ-қа көрсетіліп жатқан қысымға аударды, олардың қатарында Orda.kz, Ulysmedia.kz және олардың бас редакторлары Гүлнар Бажкенова мен Самал Ибраева бар. Сонымен қатар, БҰҰ-да Мұрат Адам қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты жағдай туралы айтты: Боқаевқа жасалған заңсыз аңду, телефонының тыңдалуы, белсенді ұстаған және полицияға тапсырған адамдардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын баяндады. Адвокат БҰҰ арнайы баяндамашыларына өз қорғауындағы азаматтың заңсыз түрде қоғам белсенділері базасына енгізілгенін дәлелдеді. БҰҰ-дағы консультациялар бүгін де жалғасады. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінде Қазақстанның азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт аясындағы міндеттемелерді орындауы бойынша баяндамасы тыңдалады.