Мәскеуде қазақстандық рэпердің концертін өткізбей тастады

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Ресейде танымал қазақстандық әнші Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) екі бірдей концерті өткізілмейтін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәскеуде Jah Khalib-тің екі концерті тоқтатылды, оған әншінің бір кездері Украинаны қолдауы себеп болуы мүмкін.

БАҚ мәліметінше, бұл екі концерт үшін белгіленген жалпы қаламақы көлемі — 10 миллион рубль (шамамен 65 миллион теңгеден астам).

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, бұған дейін Ресейде Jah Khalib-тің концерттерін бірнеше рет тоқтату жөнінде бастамалар көтерілген. Бұған оның Украинаға білдірген қолдауы себеп болған. Соңғы рет дәл осындай үндеулер биыл шілде айындағы жоспарланған концерттер қарсаңында да айтылды.